Сонымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 11-қаңтарда болатын өзінің Қазақстан халқына президент ретінде кезекті мәрте ант беру салтанаты алдында осыдан жарты ғасыр бұрын жазылған Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» өлеңіне түзету енгізді. Сөйтіп, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның сөздерімен айтсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың поэзияға жақындығы жаңа әнұран арқылы халыққа паш етілетін болады. Ал кейбір депутаттар мұны Парламентте қабылдау үшінші шақырылымдағы депутаттардың бағы деп бағалап жатыр.
– Біздерге, осы сайланған депутаттарға, тарихтың берген бағы деп қабылдауымызға болады, – деді депутат Зейнолла Алшынбаев.
Дегенмен Парламент депутаттарының арасында «Менің Қазақстаным» әнінің сөзіне өзгерістер енгізген Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңдерінен бөлек түзетулер енгізбек болған депутаттар табылды. Мысалы депутат Амалбек Тшан:
– Мен білгенім жоқ өзгерістерді Нұрсұлтан Назарбаевтың жазғанын. Мен қайырмасына, мысалы, «менің елім, менің елім» деген тұсында менің өзімнің жеке пікірім бар. Нұрсұлтан Әбішұлының хатында, жер байлығы ерекше айтылған. Ал енді мына қайырмасын тыңдап көрсек, неге менің елім дегеннен кейін, менің жерім деп айтпаймыз?!, – деді Амангелді Тшан.
Бірақ бірлескен комиссияның төрағасы болған сенатор Қуаныш Сұлтанов бірлескен комиссия депутат А.Тшанның бұл ұсынысын қабылдамағанын айтты.
– Комиссия мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтың өзгерістерін бір ауыздан өте орынды, қабылдауға болатын, жүрекке жететін өте тұғырлы сөздер деп, сөйтіп, өкінішке қарай біз сиғыза алмадық, – деді ол.
Онымен қоса, депутаттар Амангелді Тшанның өзгерістерін қарау үшін алдымен ән сөзінің мұрагерлерінен рұқсат алуымыз керек дегенді алға тартты. Ал Мәжіліс депутаты Амангелді Айталы мәдени мұраға қазіргі ұрпақтың өз білгендерінше өзгертулер енгізуіне қарсы болды:
– Бүгін енді Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынысы болды. Халық үшін күтпеген жағдай. Енді біз қара сөздерді Абайдың да ұрпақтарынан рұсқат алып өзгертеміз бе, қалай болады бұл? Жұмекен Нәжімеденовтің қасына екінші автор етіп қойып біз президентіміздің беделін өсіреміз бе? Сынау, қаралау қандай зиянды болса, орынсыз мақтау, мадақтаудың да бір шегі болады, – деп айта келіп, Амангелді Айталы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзін өзгертусіз әнұранда қалдыруымыз керек деген ұстанымын білдірді.
Алайда бірлескен комиссияның төрағасы сенатор Қуаныш Сұлтанов бұған да қарсы болды.
– Мемлекет өзінің меншігіне бір ғана шығарманы алып отыр. Барлық мұрагерлермен, барлық заңдық техникалық жағы түгелдей қамтамасыз етілген. Жұмекен Нәжімеденовтің мұрагерлері ешкімнің авторлыққа қосылуына риза емес, тек ғана егер Назарбаев ғана болса автор болса сол кісіні қабылдаймыз деп тілек айтқан, – деді сенатор Қ.Сұлтанов.
Ал депутаттар арасындағы әнші Бекболат Тілеуханның сөзіне сүйенсек, халық президентті тек мемлекет басшысы ретінде ғана емес, оның басқа да қырларын білуі керек екен.
– Қазақтың ханы Абылай «Қара жорға» деп күй шығарды. Ол ешқандай сол тараптағы қауымның қарсылығын тудырған жоқ. Ахмет Байтұрсынов халыққа 36 ән берген. Ол Ахмет Байтұрсыновты өнер адамы ретінде емес, Алашорданың идеологы ретінде, лингвист ғалым ретінде бүгінгі ұрпақ біледі. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың поэзияға жақындығы жайында бүкіл ел құлағдар ғой, «Елім менің» дейтін әнге сөз жазды ма, жазды, «Жерім менің» дейтін әнге сөз жазды ма, жазды – дейді депутат Б.Тілеухан.
Дегенмен бұрынғы Мәжіліс депутаты, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі Серікболсын Әбділдин мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл әрекеттерін заңсыз деп санайды.
– Қолайсыз жағдай, себебі Назарбаев ақын емес. Оның шығарған өлеңі жоқ. «Елім меніңді» Тұманбай Молдағалиев жазған. Ол жөнінде газеттер бұрын басқан. Мұны біреудің өлеңін өзіне тәуелді қылып алған деген сөз. Ал ұрлап алған тексті пайдалануды қалай айтатындығы да белгілі. Мен мұны заңсыздық деп есептеймін, – дейді Серікболсын Әбділдин.
Егер «Мемлекеттік нышандар туралы» Констиуциялық заңға президент қол қоятын болса, онда жаңа әнұранның авторларының ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың да аты-жөні жүретін болады.