Accessibility links

 
Рим Папасын өлтірмек болған түрік азаматы 25 жылдан кейін еркіндікке шығады

Рим Папасын өлтірмек болған түрік азаматы 25 жылдан кейін еркіндікке шығады


ЫСТАМБҰЛ. Осыдан 25 жыл бұрын Рим Папасы ІІ-нші Иоанн Павелді қастандықпен өлтірмек болған Мехмет Ағжа деген түркиялық қарақшы бүгін бостандыққа шығуға тиіс. Қаскүнем Мехмет – 19 жыл бойы Италия түрмелерінде отырып, 2000-ыншы жылы Түркияға берілген соң Ыстамбұл абақтысына жабылған болатын. Ол 1981-інші жылдың 13-інші мамырында Рим қаласындағы Әулие Петр алаңымен ашық автокөлікте келе жатқан Рим Папасына қарай оқ атты. Кейінірек ІІ-нші Иоанн Павел түрмеге келіп, Мехмет Ағжаны кешірді.
XS
SM
MD
LG