КИЕВ. Кеше Ресейдің әскери теңіз флотының басшылығы Украинаның көлік министрлігіне қарайтын гидрографиялық қызметтің өкілдері Ялта қаласындағы маякты басып алып, оған ешкімді жібермей жатыр деп мәлімдеді. Флот басшылығы бұл оқиғаны “арандатушылық”деп бағаласа, Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Михаил Камынин бұл оқиға орыс-украин қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін деп мәлімдеді. Өз кезегінде Украинаның сыртқы саясат мекемесінің өкілі Василь Филипчук: “Ялтадағы маякты басып алды деген хабарды “саналы түрде адастыру” деп бағалап, маяк - Украинаның меншігі болып табылады, оны Қара теңіз флоты жалға алған”, деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады