Accessibility links

Дж.Буш: “Гуантанамо – АҚШ халқын қорғаудың құрамдас бөлігі...”


ВАШИНГТОН. Германия канцлері А.Меркельдің АҚШ президентімен Ақ үйдегі кешегі келіссөзінен кейін Дж.Буш екі жақты ынтымақтастықтың жақсаруын асыға күткенін атап көрсетті. Қызметіне кірісуінен кейін Вашингтонға алғаш келген А.Меркель келіссөзді “ашық әрі адал” болды” деп бағалап, 2 одақтас ел үшін ортақ тіл таба алатын мәселелерді ғана емес, қарама-қайшы проблемаларды да талдау да өте маңызды деп мәлімдеді. Меркель ханым соғыс тұтқындарын АҚШ-тың Гуантанамо базасында ұстауға наразылығын білдіріп, Дж.Буш: “Гуантанамо – АҚШ халқын қорғаудың құрамдас бөлігі, яғни терроризмге қарсы күрес жалғасқанша және қатер жойылғанша, біз өзіміздің жүйемізге нұқсан келтіретін адамдарды қамауда ұстауға тиіспіз...” деп онымен келіспеді. Иранның “ядролық мәселесіне” келгенде Меркель мен Дж.Буш ол проблеманы дипломатиялық жолмен шешу керектігін және Иранның халықаралық қауымдастықты қорқыта алмайтынын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG