Анкара. Құс тұмауының белгілері байқалып, кемінде төрт адам осы дерттен көз жұмғаннан бері, Түркияда сауда сөрелерінен құс өнімдері көрінбей кеткен болатын. Желтоқсан айында алғаш құс тұмауының вирусы тіркелген уақыттан бастап, Түркияда төрт бала құрбан болды. Қазіргі күні бұл елде 21 адам осы науқасты жұқтырған деген күдікпен ауруханада жатыр. Евродақ Түркияның құс тұмауына қарсы күресуі үшін 120 миллион доллар бөлетін болды.
Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған құс тұмауына байланысты аса алаңдаушылықтың қажеті жоқ, құс өнімдерін пайдалана беруге болады деді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады