Accessibility links

“РосУкрЭнерго” мен “НафтаГаз-Украина” компанияларының бірлескен кәсіпорын құруы ұзаққа созылатын сыңай байқалады


КИЕВ. Бүгін Украина премьері Ю.Ехануров үкімет отырысында “РосУкрЭнерго” мен “НафтаГаз-Украина” компанияларының бірлескен кәсіпорын құруы туралы құжатқа Ресей мен Украина әзірше қол қоймайды деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, осы бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғаса береді және бүгін күні бойы “ГазПром” компаниясымен арада кеңесу болады. Алайда, деп ескертті Ю.Ехануров, қазір келісімге қол қойылмайтындай сыңай бар. Дегенмен де “ГазПром” компаниясы тиесілі құжаттар таяу уақытта қабылданады деп сеніп отыр. Бірлескен кәсіпорын – Ресей мен түркімен газын Украинаға экспорттау туралы 4-інші қаңтарда қол жеткен келісімге сәйкес қаңтардың 21-інде құрылуға тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG