Скребецті ресми орындар экономикалық қылмыста айыпты деп, өткен мамыр айынан бері абақтыда ұстап, тергеп келді. Бірақ, үміткер бұл сайлау алдындағы саяси арандату әрекеті дейді. Бұл жөнінде Ассошейтед Пресс агенттігіне оның науқандық комитет жетекшісі айтқан. Сонымен, наурыздың 19-ында Беларусь елінде болатын президенттік сайлауда қызмет басындағы елбасы А.Лукашенкомен 6 үміткер бәсекеге түспек. Оппозициядан ұсынылған Александр Милинкевичті оның Варшава сапарынан кейін, Беларусь сыртқы істер министрлігі, Польша өзге елдің ішкі істеріне араласып отыр деп айыптаған. Сәрсенбі күні Милинкевич Польша парламенті алдында сөйлеп, Беларусь елі өз тәуелсіздігі және ар-намысы үшін күресуі керек, деген болатын.
Беларусь президенттігінен оппозициядан үміткер Сергей Скребец дауыс беруде әділеттілік болмайды деп кандидадтықтан бас тартты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады