БОСТОН. Христиандардың АҚШ-та шығатын “Крисчен сайэнс монитор” газеті өзінің Ирақтағы жаугер топтың тұтқынында кепілдікте отырған штаттан тыс тілшісі Джилл Кэрролды тағы да босатуға шақырады. Кеше арабтардың “Әл-Жазира" телеарнасы америкалық журналист әйел Джилл Кэрролл бейнеленген сюжетті көрсетті. Телеарнаның түсініктемесінде Кэрролл өзін тұтқында ұстап отырғандардың талабы бойынша АҚШ армиясының түрмелерінде отырған барлық Ирақ әйелін босатуға шақырады. Тұтқында кепілдікте отырған әйелдің өз дауысы естілмейді. Бейнесюжетте оның жылап отырғаны байқалады. “Крисчен сайэнс монитор” газетінің штаттан тыс тілшісі болып істеген Джилл Кэрроллды – жаугер топтың өкілдері 7-нші қаңтар күні Бағдадтан ұрлап алып кетті.
Ирақта жаугер топтың тұтқынына түскен христиан газетінің тілшісі “Әл-Жазира” арнасынан көрсетілді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады