Accessibility links

Бүгін Ресей президенті В.Путин Кремлдегі жылдық баспасөз-мәслихатын өткізді


Мәскеу. Президент В.Путин Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың Әндіжанда мамыр айындағы толқуды күшпен басу арқылы Орталық Азиядағы тұрақсыздықтың бетін қайтаруға көмектесті дегенді айтты. Ресей президенті журналистер сұрақтарына жауап бере отырып, Өзбекстандағы төңкеріс дегенге қарсы мынандай ескерту айтты:

- Бізге Орта Азияда екінші Ауғанстанның қажеті жоқ, біз өте мұқият қимылдаймыз, бізге революция емес, демократиялық құндылықтарды бағалайтын эволюция керек.

Өзбекстан президенті өткен жылы Әндіжандағы наразылықты басу кезінде 187 адам опат болды деп мәлімдеп келеді, ал халықаралық адам хұқтарын қорғау топтары болса, Әндіжан толқуына қарсы қару жұмсау салдарынан құрбан болғандар саны 1000 адамнан асады деп есептейді. Өзбекстан билігі оқиғаны тергеп-тексеруге халықаралық қауымдастықты араластырмай, наразылықтың өріс алуына исламдық топты айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG