БАҒДАД. Бағдадта бұрынғы диктатор С.Хусеин мен оның 7 сыбайласының ісі бойынша сот отырысы бүгін процедуралық проблема салдарынан қысқа үзілістен кейін С.Хусеин мен оның адвокаттарынсыз қайта жалғасты. Отырысқа оның 7 сыбайласының үшеуі ғана және оларға сот тарапынан тағайындалған адвокаттар ғана қатысты. С.Хусеиннің адвокаттары сот төрағасы Рауф Рашид Әбдиль Рахманды “іске бейтарап қара алмады” деп айыптап, сотқа байкот жариялайтындарын мәлімдеп, 29-ыншы қаңтар күнгі сот отырысында С.Хусеин мен оның адвокаттары судьяға наразылы болып залдан шығып кетті. С.Хусеин мен оның 7 үзеңгілесіне 1982-нші жылы Дужайыл ауылындағы 140-тан астам шийтті қырды деген айып тағылып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады