Бұл арада Сауд араб елі мен Мысырлық кемелер және тікұшақтар теңізде «Салаам-98» кемесін іздестіріп, аман қалғандарды құтқару шарасына кірісті. Кеме Дюба теңіз айлағынан шығып, Сауд Араб елінің батысында, бейсенбі күні, жергілікті уақытпен кешкі сағат 7-лерде радар экранынан жоғалған. Соңғы сәтте алынған хабарларға қарағанда, тікұшақтан құтқарушы қайықтағы кісі денелерін байқаған. Ол кеме Мысырдың оңтүстігіндегі Сафаға теңіз айлағына бүгін таңертең жетуі тиіс болатын.