Accessibility links

Қандағар қаласында жанкешті шабуылдан 13 адам өлді


Ауғанстанның Қандағар қаласында жанкешті шабуылшы бомбасын жарып, кемінде 13 адам қаза тапты, 11 адам жараланды. Оқиға полиция бас кеңсесінің маңында орын алды. Қаза болғандардың көбі – полиция офицері, бірақ бейбіт тұрғындар да өліп кетті. Жауапкершілікті "Талибан" ұйымы мойнына алды. Сол сияқты бүгін Қандағар провинциясы Спин Болдак қаласында велосипедке қойылған бомба жарылды, үш қарапайым адам жараланды.
XS
SM
MD
LG