«Қазақстан Республикасы дамуының индустриалды-инновациялық бағдарламасы» шеңберінде елдегі талантты студенттер мен жастардың өз мүмкіндіктерін ашу мақсатында Самсунг Электроникс компаниясының қолдауымен екі жылдан бері қолға алынған олимпиаданың ұйымдастырушысы, әділқазылар алқасының мүшесі Талғат Нұрлыбаев биылғы жылғы бұл халықаралық байқауға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстан мемлекеттерінен ақпараттық технологиялар саласына маманданып жүрген жастар тарапынан үлкен қызығушылық туып отыр дейді. Оның пікірінше, екі жылдан бері Қазақстанның өзінде аталған олимпиадада үздік жұмыстарымен танылған жастар қазірде өз істерін одан әрі жалғастырып жатса, осы уақыт аралығындағы жоғары нәтиже көрсеткен жобалар елдің түрлі салаларында ақпараттық технология саласының жаңалығы ретінде қолданысқа ие болып отыр.
«Бұл қазіргі қазақстандық ғалымдардың өзі ашқан жаңалықтарын өндіріске енгізе алмай жүрген уақытта аталған олмпиада анықтап, жобаларын одан әрі жүзеге асыруларына мүмкіндік берген жас таланттар үшін үлкен жетістік», дейді Талғат Нұрлыбаев.
Ал өткен жылы аталған олимпиадаға қатысып шеберлігін шыңдаған Қазақ-Америка университетінің студенті Жұман Асхат өзінің жасаған жобасын биыл да ұсынатындығын айтады.
Және де олимпиаданың ұйымдастырушысы Қ.Сәтпаев атындағы ұлттық техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Ғалым Қазиев жастардың бұл бәсекеге жыл сайын қызығушылығы артып келеді дейді.
Дегенменде олимпиаданың әділқазылар алқасының мүшесі Талғат Нұрлыбаев елдегі ақпараттық технологиялар саласына ұсынатындай жыл сайын анықталатын үздік жобаларды жүзеге асыру жағы кемшін соғып отыр дейді. Сонымен қатар ол болашақта үздік шыққан жобаларды іске асыруды толық міндетімізге аламыз дейді.