Ресей және Украина ресми өкілдері бүгін Киевте Ресей Қара Теңіз флоты жайында келіссөздерін бастады. Мұндай жоғары деңгейде екі ел арасындағы келіссөздер соңғы үш жылда болмаған. 1997 жылы жасалған келісім бойынша Ресей флоты 2017 жылға дейін Севастополь базасын пайдаланады, бұл үшін жылына 90 миллион доллар төлейді. Украина бұл сома өссін деп отыр, Ресей келіспей отыр. Украина сыртқы істер министрі Борис Тарасюк Ресей флоты 2017 жылдан соң біртіндеп әкетілсе жөн деді кешегі сөзінде.