Accessibility links

М.Саакашвили Оңтүстік Осетия мен Абхазияны Тбилисиге қайта бағындыра ала ма?


ТБИЛИСИ. Ресейдің грузин-осетин жанжалы аумағындағы бітімгершілік күшін халықаралық миссиямен алмастыру мәселесін Грузия парламентінің бірауыздан мақұлдауына байланысты кеше Ресейдің сыртқы істер министрлігі “Грузия бүкіл Кавказ аймағының шырқын бұзатын жолға түсуі мүмкін” деген мәлімдеме таратты. Сонымен қатар Ресей осы аймақтағы қауіпсіздікті қорғау жөніндегі өзінің халықаралық міндеттемелерін орындай беретінін ескертті. Ресми Тбилиси өзінің Оңтүстік Осетия мен Абхазия арасындағы қатынасына Мәскеу килігіп жатыр деп санайды. Грузин президенті М.Саакашвили аталған екі республиканы бейбіт жолмен Тбилисидің құзырына қайтаруға уәде берген болатын.
XS
SM
MD
LG