Accessibility links

Батыс елдері Каспий мұнайына назар тігіп отыр


Таяу Шығыс мұнайына қол жеткізу тұрақсыздық жағдайымен ұштасқан сайын әлемнің ірі индустриялы елдері мұнай тасымалының жаңа көздеріне айрықша назар аудара бастаған. Демек Каспий теңізі мұнайын Батысқа жеткізу жолдары қарастырылуда. Бұл сауал-Лондондағы Халықаралық мұнай аптасы деп аталған бір апталық басқосудың негізгі тақырыбы болды. Әсіресе Каспий теңізінің шығыс жағындағы мұнай көздеріне қол жеткізу үшін жаңа мұнай құбырларын тарту керек болмақшы.

Каспий мұнайы халықаралық базарда маңызды рөл ойнай бастаған сыңайлы. Лондондағы Халықаралық Мұнай аптасы симпозиумына қатысушы мамандардың бағалауынша, бұл аймақтың мұнай қоры ел ойлағаннан да бай болып шықты. Лондонда орналасқан Прайсуатерхаузкуперс компаниясының энергия және тау-кен істері бойынша директоры Геральд Рохан былай деді:

“Мен Қазақстанда бір жоба бойынша, сондай-ақ Әзірбайжанда да келесі бір жоба бойынша жұмыс істедім. Демек, бұл аймаққа байланысты менің біраз тәжірибелерім бар. Жергілікті азаматтардың бұл істі одан әрі жүргізу үшін өте пәрменді жұмыс істеп жатқанын білемін. Сондықтан Қазақстанның Теңіз, Шевройл, Қашаған және басқа да жерлерінде жүзеге асырылып жатқан істерді көріп, өте сүйсінудемін. Және Әзірбайжанның Каспий жағалауына байланысты жобаларының жүзеге асуы болашағы жөнінде де ойлаудамын”.

Рохан мырзаның айтуынша, бұрыннан бар және жаңадан ашылып жатқан мұнай өндіру көздері үшін жаңа мұнай құбырларын тарту- аса маңызды. Ол құбырлар қазіргі бар базармен және болашақта пайда болуы мүмкін базарлармен өндірісті байланыстыру үшін қажет болуда. Бұрынғы Совет үкіметі тұсында салынған мұнай құбырлары қазіргі тәуелісіз мемлекеттер мұқтажын қанағаттандырмауда. Себебі, ол заманда мұнай құбырлары шетелдік базарларға шығу үшін емес, керісінше Совет республикаларын бір-бірімен байланыстырып тастау үшін салынған болатын. Өзге де нарықтық базарлар сияқты энергия базары да тұтынушыға қарай бағыт түзеп, инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызуға ұмтылуда. Сондықтан ол мұнай өндіруші елдер осы айтылған проблемалардың барлығын да үйлесіммен жүргізудің аса маңыздылығын түсінген, дейді сарапшы Рохан.

ТМД аймағында мұнай өндіру ісіне деген сұраныстың көбейе түскендігін соңғы деректер дәлелдеп отыр. Мысалы, Ресей елі 2004-ші жылмен салыстырғанда мұнай өндіруді өткен жылы 11,5 пайызға өсірген. Ал, Әзірбайжанда бұл көрсеткіш 50,3 пайызға жетсе, Түркменстанда 1 пайызға керісінше кеміп кеткен екен. Қазақстанда 2005-ші жылы 55,4 миллион тонна мұнай және 6,1 миллион тонна газ концентраты өндіріліп, мұның өзі одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға көтерілген екен.

Ян МкДональд болса - Каспий мұнай консорциумының бас директоры.

“Қазақстанның болашағы-мықты. Себебі, оның өте мол мұнай және жаз өндіру қорлары тұрақты түрде дамытылып, прогрессивті түрде алға басып келеді. Бүгінгі таңда оның мұнай өндіру ісі 60 миллион тоннаға жетіп отыр. Алдағы 10, 12 жылдан кейін бұл көрсеткіш 120, 150 миллион тоннаға жетпекші”, - деді МкДональд мырза.

Бұл екі сарапшының да пікірінше, аймақ үшін басты проблема жақын және алыс болашақта мұнайды шетелдік базарға тезірек әрі тиімді шығару болып отыр. Ресеймен бірлескен жобаны жүзеге асыру барысында ресми Мәскеу, көбірек табысқа қол жеткізу мақсатында, Қазақстанға талап қойып, жобаға көбірек бақылау жасамақшы.

Есептеулерге қарағанда 2020-шы жылға қарай Қытайдың шикі мұнайға деген сұранысы күніне 5 миллиард барельге жетпекші. Атасу-Алашанху атты бір мың километрлік мұнай құбыры арқылы Қазақстан Қытайға 1 миллион барель мұнай жеткізіп тұратын болады. Құмкөл мен Шымкент арқылы тартылатын бұл құбыр арқылы күніне Қытайға 400 мың барель мұнай жеткізілуі мүмкін, дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG