Accessibility links

Украина премьер-министрі АҚШ-тың Украинаны нарықты экономикалы ел деп танығанына ризалық білдірді


Прага. Бұл жөнінде АҚШ сауда министрінің орынбасары Дэвид Сампсон кеше Киевтегі сапары барысында жариялаған болатын. «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Юрий Ехануров мұндай мәртебе экономикаға да, кәсіпкерлік саласына да көп жеңілдіктер әкеледі деп атап көрсетті. Нарықты экономика мәртебесі Украина өнімдерінің АҚШ базарларына көбірек шығуына жол ашады. Еуропа одағы Украинаға нарықты экономика мәртебесін 2005 жылдың желтоқсанында берген болатын.
XS
SM
MD
LG