Accessibility links

БҰҰ АҚШ-тың Гуантанамодағы түрмесі мейлінше тез жабылады деп үміттенеді


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан АҚШ-ты терроризмге шатысы бар тұтқындар отырған Гуантанамо әскери базасындағы түрмесін мейлінше тез жабуға шақырды. “Ерте ме, кеш пе, Гуантанамо лагерін жабу керек болады, деп ойлаймын. Бұл қажеттілікті АҚШ үкіметі түсінеді ғой деп ойлаймын және біз ол мүмкіндігінше тез жүзеге асырылады деп үміттенеміз”, деп атап көрсетті Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы. Алайда, кеше Ақ үй Куба аралындағы соғыс тұтқындарына арналған түрмеде “қауіпті лаңкестер” отыр деген уәжбен оның талабын қабылдамады. БҰҰ-ының осы туралы есебінде Гуантанамо түрмесіндегі 500-дей тұтқынның көпшілігі зорлық көріп отырғанын атап көрсетті. Бұл құжат - бұрынғы тұтқындар мен адвокаттардың және АҚШ өкілдерінің әңгімелеріне, сондай-ақ баспасөз құралдарының хабарларына сүйенеді.
XS
SM
MD
LG