Accessibility links

Филлипин елінің Гуинсаугон қыстағында лай көшкіні астында қалған 2 мыңдай адамды құтқару шарасы сенбі күні одан әрі жалғасты


Осы кезге дейін 40 шақты адамның қаза тапқандығы анықталып, 57 адам құтқарылған. Негізгі құтқару шарасы көшкін астында қалған мектепке бағытталған. Ол арада 200-дей оқушы мен олардың мұғалімдері қалған екен. Филлипин президенті Арройоның бұйрығымен, ол аралдағы құтқару операциясына 17 тікұшақ, 1 мыңдай теңізші жіберілген.
XS
SM
MD
LG