Бағдадтың оңтүстігіндегі Саудия, солтүстігіндегі Адхамия аудандарындағы сүнниттер мешіттеріне зымыран шабуылы болды. Бірақ, мешіттерге келген шығын жөнінде дерек жоқ. Самаррадағы шииттердің қасиетті мешітіне сәрсенбі күні шабуыл жасағалы бері кемінде 200 адам қаза тапты.