Илья Зиминнің өлтірілу себептері әзірге түсініксіз. Ресейдегі НТВ теледидарында зерттеуші репортер болған оған өткен жылы қатты шабуыл жасалған болатын. Ол жолы Зимин ауруханадан емделіп шыққан екен. Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қолдау комитеті Ресей елін журналистер үшін аса қауіпті 10 елдің алдыңғы тізіміне қосқан болатын.