Accessibility links

Заманбек өзіне 3 рет оқ атып өлсе, Алтынбекті – жақтырмаған бұрынғы әріптесі тапсырыспен өлтірткен


АСТАНА. Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруге Қазақстан Парламенті Сенатының аппаратын басқарып келген Ержан Өтембаев тапсырыс берген. Бүгін Астанада өткізген брифингте елдің ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов осылай деп мәлімдеді. Оның мәліметі бойынша, қастандықты ұйымдастырған және іске асырған Рүстем Ибраһимов деген азамат, ал қылмысты тікелей жүзеге асырған – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің “Арыстан” атаулы арнайы бөлімінің қызметкерлері көрінеді. Сондай-ақ, Б.Мұхамеджанов белгілі саясаткерді өлтіруге Ержан Өтембаев пен Алтынбек Сәрсенбайұлының бір-бірін жақтырмауы ең басты себеп болған деп мәлімдеді. А.Сәрсенбайұлының қазасы бойынша бұрынғы 6 адамға қоса, тағы 2 күдікті ұсталған, қазір олар қылмыстарын мойындарына алып жатқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG