Accessibility links

Иранның уранды тіпті шектеулі көлемде байытуына да жол беруге неге болмайды?


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс: “өзінің уранды байыту ісімен Иран халықаралық қызыл сызықтан аттап өтті, енді Теһран барлық ядролық ізденісін доғармаса, бұл іске БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі араласуға тиіс”, деп мәлімдеді. Мемлекеттік департаменттің басқа өкілі Том Кэйсидің айтуынша, Иранның уранды тіпті шектеулі көлемде байытуына да жол беруге болмайды. Кеше Венада МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради Иранның ядролық ісі бойынша келісімге келуге әлі үміттенетінін айтты. Бүгін МАГАТЭ басқармасының кеңесі Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мәселесін талдауды жалғастырады.
XS
SM
MD
LG