Екі аймақтық телеарна мен бір радио бекеті Түркия ақпарат комитетімен өзара келісіп, наурыздың 23-інен бастап, күрдтердің құрмашы тілінде хабарлар таратпақ. Түркия заңына орай күрт тіліндегі телехабарлар тәулігіне 45 минут көрсетілсе, радиода бір сағатпен шектелген. Түркияда 12 млн күрд қауымы тұрады.