Ирақтағы соғыстың 3 жылдығына орай кеше әлемнің бірқатар астаналарында наразылық жиындар болып өтті
Лондонда 15 мыңдай адам жиналды. Сондай-ақ, Токио, Стокгольм, Копенгаген, Сидней және өзге қалалардағы митингілер кезінде Ирақтағы одақтас күштер шығып кетсін, болмаса ол соғыс көршілес Иранға қарай бет алуы мүмкін деген болжам айтылды.