Ол Иран өкілдері келіссөзде Америка Ирақтан кетсін деп талап ететін болады дейді. Президент Дж.Буш Иранмен Ирақ турасындағы келіссөзді өткізу АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Залмай Халилзадқа тапсырылды деген. АҚШ жағы да, Иран жағы да бұл келіссөзде Иранның ядролық мәселесі туралы әңгіме болмайды, тек Ирақ жайында талқыланады деген болатын.