2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегі мен одан кейінгі Мадрид пен Лондондағы лаңкестік шабуылдар, сондай-ақ, Иордания мен Ирақтағы қантөгістер және жер бетіндегі басқа да талай қақтығыс тәрізді, лаңкестікке қарсы соғыстың жеңіл болмайтынын айқын көрсетіп берді. Бұл соғысты, деп санайды саяси сарапшылар, оған дүние жүзінің бүкіл бейбіт мұсылман қауымын жұмылдырмай жеңуге болмайды. Сондай сарапшылардың бірі – Лондонда ораналасқан Халықаралық саясат Институтының зерттеу орталығының директоры Питер Ньюманның (Peter Neumann) пікірінше, еуропалықтар үшін осындай жұмысты өз елдерінен бастаған дұрыс.
“Мен батыс елдеріне өздерінің мұсылман қауымдастықтарымен өткен жылғымен салыстырғанда әлдеқайда жақын да көп жұмыс атқару керек деп ойлаймын. Менің ойымша, өткен жылғы Лондондағы бомбалық жарылыстар оған бірден-бір мысал болуға тиіс. Өйткені, сол жарылыстарға жауапты адамдар – іс жүзінде Ұлы Британияда туғандар, Ұлы Британияда өсіп-есейгендер, олар британ азаматтары болатын”, - деді П.НЬЮМАНН.
П.Ньюманның түсіндіруінше, еуропаның мұсылман халқының саны 20 миллионға тақады, демек ондай жұмысты атқару жалғыз Ұлы Британия үшін емес, бүкіл Еуропа үшін маңызды.
Өзге сарапшылар П.Ньюманның осы пікірімен келіседі. “Таймс” (“The Times”) газетінің бұрынғы бас редакторы лорд Рис-Могтың (Lord Rees-Mogg) пікірінше, лаңкестікке қарсы соғыс - әлемнің өздеріне жауапкершілік алған елдерінің қауіпсіздікті нығатуға бағытталған соғысы, лаңкестердің көздегендеріне жеткізбей алдын орай білген соғысы болып табылады. Оған қоса, деп ескертеді лорд Рис-Могг, өзге де жолдар тағы бар.
“Сонымен қатар, еш күмән жоқ, лаңкестікке қарсы соғыс, менің ойымша, мұсылмандармен ашық қарым-қатынас орнатуды талап етеді. Өйткені, өзге шаралармен бірге ислам қауымдастықтарының жүрегі мен санасына “жол” таба білген де дұрыс деп ойлаймын”, - деді РИС-МОГГ.
Осындай маңызды мақсатқа қалай жетуге болады? Саяси лидерлер мен діни көсемдердің және қауымдастық жетекшілерінің әсіресе жастарға зор ықпал ете алуымен сарапшылардың басым көпшілігі келіседі. Олар жастарды өздері өмір сүретін қоғамның құрамдас бөлігіне айналуы үшін ынталандыруға тиіс, әсіресе егер олар Франция, Ұлы Британия, Германия немесе Испания сынды елдерде үлкен қауымдастық құрған болса, сол елді қадір тұтуға тиіс. Бірақ, сонымен бірге, мұсылман ұйымдарының атап көрсетуінше, сол елдің үкіметтері мұсылман қауымдастықтарының мұң-мүдделеріне көңіл аударып, олардың тұрмыс жағдайларын түзеуге көмек беруге тиіс. Ұлы Британиядағы мұсылман кеңесінің өкілі Инаят Бунглавала (Inayat Bunglawala) осылай деп мәлімдейді.
“Біздің есептеуімізше, британ мұсылмандарын алаңдататын ауқымды мәселелер бар. Тек Ирақ қана емес, лаңкестікке қарсы бағытталған шаралар да емес, бірақ діни төзімсіздік, аборт немесе бала тастау мен эвтоназия сынды моральдық проблемалар, әлеуметтік қамсыздандыру мен тағы басқадан аластату”, - деген И.БУНГЛАВАЛА.
Бунглаваланың айтуынша, мұсылмандарды британ өмірінің құндылықтарына жақындатып тарту үшін оларға сапалы жоғары білім беру, олардың қауіпсіздігін әлдеқайда жақсы күзету, парламентте мұсылман депутаттарына көбірек орын беру және әлеуметтік жағынан кеңірек қамсыздандыру керек. Әлеуметтік қамсыздандыру – ең өзекті проблема болып отыр. Өйткені, Еуропа елдеріндегі мұсылман иммигранттары негізінен ірі қалалардың тозған аудандарындағы геттоларға шоғырланып тұрады. Міне осы жағдай экстремистік ұйымдар мен лаңкестердің үгіт-насихат жұмыстарын жеңілдетті.
Сарапшылардың көпшілігі, оның ішінде Питер Ньюман, бейбіт мұсылман қауымдастықтарының өздері де қол қусырып отырмауға тиіс деп санайды.
“Мұсылман қауымдастықтарының өздері тікелей атқаратын талай іс бар. Олар өз қауымдастығының ішіндегі экстремистерге қарсы тұруға тиіс. Біз атқара алатын істің де шегі бар”, - дейді П.НЬЮМАН.
Мұсылман лидерлерінің талайы мұсылман мен мұсылман емес қауымдастықтардың арасындағы түсініспеушілікті жою мақсатында қазір түрлі діниаралық және ұлтаралық бағдарламаны қолға алып жатыр. Бірақ олар лаңкестік пен оның уағыздаушыларына төтеп беру үшін өздеріне әлі көп көмек керектігін айтып отыр. Солардың бірі - Ұлы Британияның Мұсылман кеңесіндегі мешіт және комитет басшысы болып табылатын имам Ибраһим Мограның айтуынша, лаңкестік – тек мұсылмандардың проблемасы емес, бүкіл қоғамның проблемасы.
“Біз бұл зұлымдықты өзіміздің қоғамымыздан жоюға тиіспіз және біз өзара тізе қосатын болсақ, менің күмәнім жоқ, біз үлкен нәтижеге жетеміз”, - деп мәлімдейді Ибраһим Могра.