Accessibility links

Беларус үкіметі Минскідегі толқуға арандатушылық жасауда деп Батыс елдерін айыптады


Беларус Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Еуропалық Одақ пен АҚШ-ы ішкі істерге араласуды тоқтатсын делінген. Ал оппозиция лидері Александр Милинкевич наразылық шараларын одан әрі жалғастырмақшы. Сенбі күні Минскіде көптеген адам президент Александр Лукашенконың қайта сайланғанына байланысты наразылық білдіріп, митинг ұйымдастырған болатын. Полиция өкілдері наразылық танытушыларды күшпен таратып, кейбіреулерін қамауға алды. Германия Сыртқы істер министрі Франк-Уалтер Штанмайер наразылық танытушыларға күш қолданғаны үшін Беларус үкіметін сынға алды. Еуропалық Одақ 19-шы наурыздағы президент сайлауы демократиялық түрде өтпеді деп, Беларуске қарсы жаңа санкцияларды қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG