Баяндамаға қарағанда, өткен жылы әлем бойынша 65 журналист қаза болған. Бұл көрсеткіш - 2004-ші жылмен салыстырғанда төмендеу. Ол жылы қаза болған журналистер саны 78-ге жеткен еді. Бұл жолғы баяндамада да жан түршігерлік мәліметтер келтірілген. Өткен жылы әлемдегі журналистер өз қызметтерін атқару барысында, хабар таратуда шектеулерге, күш қолдануларға, түрлі тәсілдермен тиісулерге тап болған, өлім құшқан.
Сондай-ақ бұл баяндамада кейбір ілгерішіл қадамдар да айтылған екен. Аталған баяндаманың редакторларының бірі Девид Дейдждің айтуынша, Батыс Еуропада лаңкестік әрекеттердің белең алуына байланысты бұл аймақта баспасөз бостандығы сауалында жұмсақ өзгерістердің болғандығы байқалады. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының лаңкестердің насихат құралына айналып кетпеуі үшін Еуропа комиссиясының қабылдаған бағытын айтса да болады.
Өткен жылы Азияның кейбір елдері Интернетке цензура орнатуда біраз әрекеттерге қол жеткізді. Ондай үдерістерге Батыс компаниялары да қарсы тұра қойған жоқ. Өткен жылы Батыстың бірнеше технология компаниялары Қытайдың цензуралық талаптар жөніндегі ұсынысымен келісті. Ол компаниялар өз әрекеттерінің Қытайда ашық қоғам орнатуға халықты тәрбиелейтіндігін айтып, дәлелдеуге тырысқан болатын.
Орта Азия да едәуір проблемалар топтасқан аймақ ретінде аталып отыр. Мысалы, онсызда баспасөз бостандығы шектеулі деген Өзбекстанда, өткен жылдың мамыр айындағы Әндіжан оқиғасынан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына деген қысым тіпті күшейе түскен болатын. Жазықсыз азаматтарына қарсы оқ атқан Өзбек өкіметі арада бір айдай уақыт өткен кезде журналистерді түрмелерге жауып, қысымға ұшыратып, ал тәуелсіз басылымдар, оның ішінде «Азаттық» радиосы да бар, өз тілшілерін елден шығарып әкетуге мәжбүр болды. Тәжікстанда оппозициялық газеттер жабылып, екі журналист түрмеге отырғызылды. Қырғызстан мен Украйнада бұрынғы биліктің құлатылуы да баспасөз еркіндігіне айтарлықтай үлес қоса алмады. Ал, Беларусияда онсыз да ширығыс үстіндегі сөз бостандығының қысымы интернетке де жеткен болатын.
“Бұл - Түркменстанға тиесілі үлгі. Мұндай әрекеттер Беларус пен Ресейде және басқа да елдерде орын алып отыр. Ол елдерде журналистер биліктегілерді сынаған мақалалары үшін қандай айыппұл төлеп, нендей шабуылға тап болатындығын ойлап, қорқады. Осылайша басылымдардың өзін-өзі цензуралауы көптеген елдерде күшейіп отыр”, - деді баяндама авторларының бірі Дайана Орлова.
Өзбекстан және Түркменстанмен салыстырғанда Қазақстандағы сөз бостандығы жайы біршама ілгерішіл десек те, мұнда да сөз бостандығы қажетті дәрежеде емес. Журналистерге мұнда қысым көрсетіліп, басылымдарға жоғары деңгейдегі айыппұлдар салынады, дейді Орлова.