ЛЮКСЕМБУРГ. Бүгін Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Люксембург қаласында жиналады. Олар “Хамас” тобы жасақтаған Палестина үкіметінің қарапайым халыққа деген ықпалын шектеу үшін оған бөлінетін тікелей көмекті қысқарту туралы шешімді пысықтауға тиіс. Сонымен қатар Еуроодақ министрлері Беларусь президенті Александр Лукашенко мен 19-ыншы наурызда болып өткен президент сайлауының барысы мен қорытындысын бұрмалады деп айыпталған өзге 30 беларусь өкіліне виза бермеу туралы шешімді мақұлдайды және ресми Минскіге қарсы басқа да жазаның қабылдануы мүмкін екенін ескертуге тиіс.