Ваха Измайловты Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі осы жылдың ақпан айында Павлодар облысының Екібастұз қаласында Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің сұрауымен қолға түсірген деп хабарланады. 23 жасар жігітке Ресейдің бас прокуратурасы Солтүстік Кавказ аймағында халықаралық лаңкестік топ құрамында қылмыс жасаған деген айып таққан. Бұл топқа жалдамалы араб содыры Әбу Дзейіт басшылық еткен деген апқарат айтылып отыр. Осы топ жетекшісі 2004 жылы жазда Ингушетияға қарулы шабуыл жасау және Солтүстік Осетиядағы Беслан мектебін алу операцияларын ұйымдастырған деп күдіктеледі. Ал, Қазақстанда ұсталған Измайлов халықаралық іздеуде болған. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметкері Ислам Бекішевтің айтуынша күдіктіні өзге елге беру шешімі халықаралық құжат негізінде жүзеге асқан:
- «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы Минск конвенциясы» негізінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына осы елдің азаматы Измайлов Ваха Руслановичті беру болып өтті.
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюро төрағасы Евгений Жовтистің айтуынша біріншіден сот шешімі шықпаған, қылмыскер екені дәлелденбеген адамның есімін жариялау көптеген заңдарға қайшы. Екіншіден, «Минск конвенциясы» Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде жұмыс істейді. Бірақ, оның кейбір баптары Қазақстан қосылған Біріккен ұлттар ұйымының екі құжатына қайшы келеді, дейді заңгер. Өйткені «Босқындар мәртебесі» және «Адамды жазалаудағы қинау және басқада түрлеріне қатысты» конвенциялар бірнеше елге күдіктілерді беруге тыйым салады. Ал, Қазақстан күдіктілерді беріп келген Ресеймен Өзбекстанда адамды қинау фактілері кездеседі, дейді Евгений Жовтис.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, республикадан лаңкестік әрекетпен айналысты деп күдіктелген адамдар шынындада құқықтық көмек жөніндегі 1993 жылғы «Минск конвенциясына» қол қойған Ресей, Өзбекстан және басқада елдеріне берілген. Ал, Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша бұл жағдайда халықаралық шарттар бұзылмады:
- Босқын мәртебесінде болса, оны қылмыскер деп ұстап берсек, әрине, ол халықаралық заңдарға қайшы келеді. Ал, егер қылмыскер болса онда ешқандай қайшы келмейді.
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюро төрағасы Евгений Жовтистің айтуынша күдіктілерді өзге елге беруде жасалатын қателіктер мұнымен тынбайды. Көптеген елдерде күдіктілерді өзге елге беру шешімі сот үкімінен кейін беріледі, ал «Минск конвенциясы» шеңберінде бұл үрдіс бас прокуратуралардың шешімімен жүзеге асырылады. Оның үстіне көп жағдайда Ресейге берілетіндер шешендер, яғни, олар Шешенстандағы жанжалға қатысы бар, ал, қылмысқа қатысы бар екендігі белгісіз, дейді ол. Әдетте бас прокуратураның сұрауына тексеруге жатпайтын құжаттар қосылады, осылайша екі мемлекеттің құқық қорғау органдары «Минск конвенциясымен» бүркемеленіп өздерінің саяси қарсыластарын алады, дейді Евгений Жовтис.
Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша іс жүзінде бұл екі елдің прокуратурасының келісімімен жасалады:
- Бізде енді жеңілдетілген түрі болу керек, сол екі мемлекет отырған келісімге байланысты. Сол сияқты Ресейде біздің қылмыскерлерді бізге қайтарады. Мысалы Өзбекстанда баяғы лаңкестікке қатысып қашып кеткен адамдар бізде ұсталып соны қайтарған болатынбыз.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметкері Ислам Бекішевтің айтуынша шынындада Ресейдің бас прокуратурасы Ваха Измайловты Солтүстік Кавказдағы әрекеттерге қатысты деп қылмысты іс қозғаған, бірақ, оның Ингушетияға қарулы шабуыл жасау және Солтүстік Осетиядағы Беслан мектебін алу операцияларына қатысқан қатыспағандығы белгісіз, дейді ол:
- 2005 жылдың наурызында Ресей Федерациясының бас прокуратурасы Измайловқа қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол Солтүстік Кавказда қылмыстар жасағаны үшін айыпталуда.
Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, соңғы 4 жылда республикадан лаңкестік әрекетпен айналысты деп күдіктелген 13 адам шет елдерге берілген.