Accessibility links

Франция үкіметі жастардың талабын қанағаттандыруға мәжбүр болды


Жастарды жұмыспен қамту жөніндегі жаңа заңға апталар бойы қарсылық шерулері өткеннен кейін, Франция үкіметі өз райынан қайтуға бет алды. Франциядағы бұл шерулер көбірек шулы болған да шығар. Алайда, Еуропаның басқа да мемлекеттері тұрғындары бұрынғы жеңілдіктерінен айыратын өз елдеріндегі реформаларға байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Өткен айда Британияда бір күндік шерулер болды. Оның себебі, еңбек реформаларына халықтың наразылығы еді. Бұған дейін 60 жасында зейнет демалысына шығамен, деп үміттенген Алис МкГлон деген ханым енді міне 65 жасқа дейін жұмыс істеуі тиіс болып отыр. Ерте шықса зейнетақы көлемі де аз болмақшы. Сондықтан ол да әлгі бір күндік шерулерге келіп өз үнін қосқан. Еуропаның басқа да елдерінде осыған ұқсас шерулер өтуде.

Оның басты себебі - реформалар еңбеккерлерге бұған дейін жасалып келген еңбек жеңілдіктері мен қызмет орыны үшін сенімділігінен оларды айырмақшы. Грецияда банк қызметкерлері үкіметтің зейнетақы саясатына қарсылық ретінде бір күндік шеру жасады. Ал, Германияда болса, жұмыс күнін ұзартуға наразы болған жұрт ірі көлемдегі қарсылық шараларын өткізді. Жастарды жұмыс беруші компанияның жұмыстан оңай шығарып жіберуіне мүмкіндік жасайтын Франция үкіметінің заңына қарсы болған бірнеше мыңдаған азаматтар апталар бойы көшелерде шерулетумен болды. Амалсыздан ел үкіметі өз шешімін 180 градусқа өзгертуге сәуірдің 10-ы күні мәжбүр болды.

Францияда жұмыскерлерге ұзақ демалыс беру, жұмыс аптасының қысқа болуы, сондай-ақ кең тұрғыда еңбекті қолдау істері дәстүрлі түрде жалғасып келген болатын. Мұндай жеңілдіктер әрине, тұрақты еңбек келісімшартына ие болғандар үшін өте қолайлы. Алайда, жұмыс беруші компания бұдан кейін азаматтарды жұмысқа көптеп тартуға құлықты бола бермейді. Мұның өзі жұмыссыздар санының көбеюіне алып келеді.

Ал, сөз болып отырған реформаларды қолдаушылар болса Франция, Германия және басқа да елдер үшін экономикасын бәсекелестік жағдайда ұстап, жұмыссыздық санын азайту үшін өзгерістер жасау-аса маңызды, дейді.

Икемсіз еңбек заңдары жұмсартылып, сол арқылы фирмалар үшін жұмысқа қызметкер қабылдау ісіндегі қауіп-қатердің мейлінше азайтылуы тиіс, дейді олар. Бұл орайда Еуропа реформаларын зерттеумен айналысатын Лондондағы орталық сарапшысы Аурора Уанлин былай дейді:

“Жұмыстан шығару үдерісін оңайлату мақсатында жаңа да икемді заңмен таныстыра отырып, адамдардың оны толық қолдап кетуін сен сұрай алмайсың. Қысқа уақыт межесінде, әрине қолайсыздықтар көп болады. Көптеген адам жұмысынан айрылады. Қарсылықтар болады. Мұның бәрі- қалыпты жағдай. Өкінішке орай, осылардың барлығын да халыққа дұрыстап түсіндіріп беруге бізде басшылықтың әлі келмеуде. Ол рас, алғашқы уақытта жан айқайы, ашу-ыза көп болады. Алайда, болашаққа көз салар болсақ, ол реформалардан келер пайда мол”.

Франциядағы бұл жағдайлар Еуропаның өзге елдері үшін үлгі болмақшы. Сарапшылардың айтуынша, Италия сайлауларында жеңіске жеткен, орталықшыл-солшылдар басшысы Романо Проди реформалар жүргізу ниеті барысында осы Франция мысалдарын есепке алуы тиіс. Франция оқиғаларынан шығатын алғашқы қорытынды мынандай. İске асырылуы тиіс шаруаларды жүргізудің өзі үкіметтер үшін аса қиынға түсетін түрі бар.
XS
SM
MD
LG