Accessibility links

 
Орта Азияға қарағанда, Непалда патшаның өзі халықтың талабын орындайды

Орта Азияға қарағанда, Непалда патшаның өзі халықтың талабын орындайды


КАТМАНДУ. Кеше Непал патшасы Гьянендра оппозицияның ұйымдастыруымен бірнеше апта бойы жалғасқан наразылық шеруінен кейін елдің жаңа премьер-министрін бекітті. Гириджа Прасад Коирала - өзінің саяси қызметінде осымен бесінші рет үкімет басына отыратын болды. Гьянендра патша елде демократияны қайта қалпына келтіруге келіскен соң, үкімет басына оны Непалдың саяси партиялары ұсынды. Сондай-ақ осы күні үкімет күштеріне қарсы шайқасып жүрген маоист көтерілісшілер өз жағынан күресті 3 айға доғаратынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG