Министрлік хабарына қарағанда, соңғы 10 күн ішінде Иран күштері күрд көтерілісшілеріне қарсы екінші рет артиллериядан оқ атқан. Барлығы 180 оқ атылған. Олар Ирақ жеріндегі Хаж Омран деген ауылға түскен. Ол- шекарадан 5 километр жерде екен. Өткен апталарда Ирақ жеріндегі күрд көтерілісшілері Иран армиясы мен шекара бекеттеріне бірнеше рет шабуыл жасаған болатын.