АЛЕКСАНДРИЯ. АҚШ: Закария Муссауи – АҚШ-та 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі болған лаңкестік шабуылдарға қатысы бар деп танылып, өмірінің соңына дейінгі мерзімге кесілді. Американың Александрия қаласындағы болып өткен сот үдерісінде, айыптаушы жақтың оны өлім жазасына кесілуін талап етуіне қарамастан, Қазылар соты Муссауиді осындай жазаға кесті. Франция азаматы болып табылатын Закария – басып алған жолаушы ұшағын Ақ үйге соғып жаруға тиіс болған көрінеді. Ол АҚШ-тың көші-қон заңын бұзғаны үшін әлгі қастандықтың қарсаңында ғана ұсталып, бірақ АҚШ билігіне лаңкестік шабуылдың болатынын хабарламаған.