Бүгін Астанада Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Н.Назарбаев пен 2 күндік мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген Эмомали Рахмонов екі елдің ауыл-шаруашылық, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөз өткізді. Нәтижесінде екі жақты 6 келісім-шарт пен біріккен мәлімдемеге қол қойылды. Ертең Э.Рахмонов Астанадағы Еуразия университетінде болып, екі елдің кәсіпкерлері форумына қатысады.