АҚШ әскерінің ресмилері Ауғаныстанның Қандағар провинциясында Құрама Штаттар күштерінің осы аптада тәліптерге қарсы әуеден берген соққысынан 16 бейбіт тұрғын қаза болған жағдайға толық-қанды зерттеу жүргізуге уәде берді. Штаб басшыларының біріккен комитеті жетекшісінің орынбасары генерал Картер Хэм, Құрама Штаттар бейбіт тұрғындардың құрбан болғаны туралы оқиғаға шындап алаңдап отыр.