РИМ. “Құс тұмауын” ауыздықтау мүмкіндігін талқылау мақсатында 300-ден аса ғалым мен жан-жануар “әлемінің мамандары бүгін Римде бас қосады. 2 күндік жиынның барысында құс дертінің қалайша 3 құрлыққа тез жайылып, жабайы құстардың аса қауіпті вирустың кең жайылуына себеп болғаны проблемасына ден қойылады. Бұл бас қосуға БҰҰ-ының Римде орналасқан азық-түлік және ауыл-шаруашылығы бойынша комиссиясы мен штаб-пәтері Парижде орныққан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұрындық болды. “Құс тұмауының” Н5N1 вирусынан бүкіл әлемде кем дегенде 127 адам көз жұмып, Азия, Еуропа және Африка елдерінің үй құстарына қырғын салды.