Accessibility links

Әлемдік беделді елдер Ирандағы ядролық бағдарлама жұмысын тоқтату мақсатында бірқатар ұсыныс дайындады


Оны Вена кездесуінде әзірлеген - БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен 5 тұрақты мүше және Германия. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ол жоспар Техранмен өзара келісімге мүмкіндік береді дейді.

-Бұл ұсынысқа Иран жауап береді, біз келіссөздерге отырамыз деген сенімдеміз, - деді Лавров.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райстың айтуынша, енді Иран ақиқат алдында жауап беруі керек. Ол үшін айлар емес, бірнеше апта ғана уақыт қалды, деді Райс ханым. Бұл арада АҚШ-тың Ұлттық барлау бөлімі директоры Джон Негропонте, БиБиСи теледидарына берген сұхбатында, Иран 2010-жылға дейін өз атомдық қаруларын шығара бастайды дегенді айтты. Ол, Иран әлемдік терроршылықты қолдаушы елдердің бірі, деді.
XS
SM
MD
LG