Accessibility links

АҚШ сарбаздары Ирақтың Ишақи қаласында болған оқиғаға байланысты ақталды


АҚШ әскери тергеу мекемесі АҚШ сарбаздары Ирақтың Ишақи қаласында жергілікті тұрғындардың қазасы үшін айыпты емес деп тапты. Даулы оқиға наурыз айында болған, АҚШ әуе соққысынан 11 жергілікті тұрғын қаза тапқан. АҚШ әскерінің өкілі америкалық сарбаздар "Әл Қаида" мүшесі деп күдіктелген азаматты қамауға келген, сол үйден өздеріне оқ атылған соң әуе соққысын беруді сұраған, сарбаздардың қимылдары дұрыс болған деді. Дегенмен Ирақ жергілікті өкілдері АҚШ сарбаздары 11 жергілікті тұрғынды атып, өлтіріп тастаған дейді.
XS
SM
MD
LG