КАБУЛ. БҰҰ-ының Ауғанстандағы арнаулы өкілі Том Кенигстің пікірінше, ресми Кабул сот билігі мен полицияны “шұғыл реформалауға тиіс”. Том Кенигс бұл пікірін өткен аптада Кабулда болған қанды оқиғаға байланысты білдірді. Оның айтуынша, халықаралық баспасөз құралдары хабарлағандай, Кабулдағы жаппай тәртіпсіздік тек шетелдіктерге қарсы бағытталған жоқ. Оны қылмыскерлер ұйымдастырды. Сонымен қатар Кенигс Кабулдағы жаппай тәртіп бұзушылықтың саяси себептері болғанын атқанымен де, нақты себебін нұсқаған жоқ.