Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын қорғаушы бес топ үкімет тарапынан ұсынылған ақпарат құралдарына қатысты заң жобасын сөз бостандығына қарсы әрекет деп бағалап оны сынға алды. Бұл ұйымдар аталған заң жобасын “тоталитаризм мен тоқырау” бағытындағы қадам деп сипаттады. Ақпарат министрі Ермұхаммет Ертісбаевтың айтуынша, аталған заң жобасы елдің сөз бостандығы жағдайын жақсартуға бағытталады.