Accessibility links

Сомали халқы елдің “ислам мемлекетіне” айналуына қарсы


МОГАДИШО. Кеше Сомалидегі исламшыл топтың қарулы құрамасы елді діни мемлекетке айналдыруға ант берді. Исламшылдар одағы 3 айлық шайқастан кейін Сомалидің астанасы – Могадишоны басып алды. Ислам одағы тобының лидері Шайх Шариф Ахмад кеше болып өткен жиында өзі бастаған топ “Сомалиді ислам мемлекетіне айналдыру күресін жалғастыра береді” деп мәлімдеді. Алайда кеше Могадишоның мыңдаған тұрғыны мен жеңілген коалициялық күштердің жақтаушылары елдің ислам мемлекетіне айналуына қарсы шеру өткізді.
XS
SM
MD
LG