БАҒДАД. Бүгін Бағдадта С.Хусеин мен оның бұрынғы 7 үзеңгілесінің қылмыстық ісін қарайтын соттың жалғасында сот төрағасымен ерегіскені үшін экс-президенттің туысы болып табылатын Барзан Ибраһим Әт-Тикрити отырыстан қуылды. Оның алдында ғана айыпталушылардың америкалық адвокаты Кертис Дебблер қазіргі қалыптасқан жағдайда әділ сот өткізу мүмкін емес деп мәлімдеген болатын. Ирақтың экс-президенті С.Хусеин мен оның бұрынғы 7 сыбайласына Дужайыл ауылының шийт тұрғындарын жаппай қырды деген айып тағылып отыр.