Accessibility links

Вашингтон Техраннан анық жауап алудан үмітті


«Бұл ретте Иран дұрыс жолды таңдайды ғой деп сенеміз» дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс. Ол Иранның ядролық бағдарламасына байланысты жасалған ұсыныстар турасында Иран тарабынан оң сөздер естіліп қалды дейді. Бұдан бұрынырақ Иран президенті Махмұд Ахмединежад Иранның ядролық бағдарламасынан бас тартуының есесіне ұсынылып отырған жаңа бастамаларды алға басқан қадам деп бағалаған-ды.

- Біз бұл ұсыныстар пакетінде жалпы алғанда алға жылжушылық бар екенін көрдік, мен әріптестерімді оны байыппен қарап, талқылауға шақырдым. Алланың қалауымен біз өз көзқарас-пікірімізді Иран ислам республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес білдіретін боламыз, - деді Иран президенті.

Ахмединежад Иран тиісті уақыт ішінде жауап беретін болады деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG