Accessibility links

Словакияда Еуроодаққа кіргеннен бергі алғашқы парламент сайлауы өтіп жатыр


БРАТИСЛАВА. Бүгін Словакияда парламент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беруге құқы бар 4 млн. халық парламенттің 150 депутатын сайлауға тиіс. Оның барысында премьер-министр Микулаш Дзуринда бастаған оңшыл-центристік коалиция мен Роберт Фицо бастаған оппозициялық “Смер” партиясы өзара бәсекелеспекші. Бұл - Словакиядағы осыдан 2 жыл бұрын Еуроодаққа кіргеннен бергі бірінші парламент сайлауы.
XS
SM
MD
LG