Мерейтой құрметіне Лондонның орталығында патшалық ұландар шеруі өткізілді.Шеруден кейін әуе күштері сап түзеп, көк аспанда қалықтады. Салтанатты тамашалауға мыңдаған адам көшеге шықты. Елизавета екіншінің туған күні сәуірдің 21-і, ал бірақ патшайымның туған күні ресми түрде ауа райының қолайлы кезі - маусымда тойланады.