БАҒДАД. Кеше Ирақ полициясы Бағдад қаласының өзі мен оның төңірегінен 17 адамның мәйітін, оның ішінде 4 әйел мен 1 жеткіншектің өлігін аңғарды. Сондай-ақ қарулы топ Бағдадтың шийттер тұратын ауданындағы нан зауытының 10 жұмысшысын ұстап алып кетті. Сонымен қатар АҚШ әскері өткен аптада өзінің құжат тексеру-өткізу постына жасалған шабуылдан кейін жоғалған 2 жауынгерін іздестіруін жалғастыруда.