БРАТИСЛАВА. Кеше кешкісін Словакияның Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, сенбі күнгі парламент сайлауында оппозициялық солшыл партия басым дауыс алды. Роберт Фицо бастаған Социал-демократиялық “Смер” партиясы 30 пайыз дауысқа ие болды, бірақ 30 пайыз жеке өзінің үкімет жасақтауына жетпейді, коалициялық үкімет құруға туралы келеді. Премьер-министр Микулаш Дзуринда бастаған Демократиялық және христан партияларының блогі 18 пайыз дауыс алды. 5 пайыздық межеден тағы 4 саяси партия өтті.