Accessibility links

Көк шайдың адам денсаулығына әсері мол


Бір кесе көк шайдың сіздің шөліңізді қандырудан да басқа артықшылығы бар. Жүрек ауруларынан бастап, артрит, демек буынның шор болып қатып қалу сияқты ауруына дейін көк шайдың пайдалы әсері мен емдік қасиеті бар. Оған дәлел боларлық жағдайлар көбейе түскен.

Бішкектен сөз алған Әлішер көк шайды қатты жақсы көретін оның денсаулыққа пайдалы екенін алға тартады.

“Мен күн ыстық болғанда көк шайды ішем. Ол шөліңді жақсы қандырады. Мен көк шайды ішкенді жақсы көрем. Және оның денсаулыққа пайдалы екенін білем”.

Сөйтіп, бүгінде миллиондаған адам көк шайды шөлін қандыру үшін рахаттанып ішеді.

“Менің Сізге айтарым, егер сіз лабораториядағы тәжірбиеде болсаңыз, шайды көп ішуіңіз керек, сөйтіп, сіз қатерлі ісік ауруының қаупін азайтасыз”, – дейді Құрама Штаттардағы Биологиялық Университеттің ғалымы Джефрей Блумберг.

Ол сондай-ақ, лабораториялық зерттеулердегі көк шайдың ерекшелігі туралы былай дейді:

“Мұндағы лабораториялық зерттеулерде көк шайдың артрит, когнитивті проблемалар, Альцгеймер, Паркинсон дерттері сияқты бірнеше ауруларға әсерлі ем болатын жағдайы бар екенін көрсетті. Кейбір зерттеулер көк шайды сүйектің сыну қаупін азайтып, остеопатияның алдын алатынын көрсетті. Және Британияның бірқатар зерттеулері шай ішетін жастар мен жасөспірімдердің тіс ауруы азайғанын танытты. Дегенмен, олардың ішіндегі ең күшті деректер шайдың жүрек аурының алдын алатыны болып отыр”.

Сонымен бірге зерттеуші мамандар көк шай бірнеше көлеңкелі құбылыстарды да түсіндіреді деген. Кейбір Азия елдерінде темекі шегу деңгейі жоғары, бірақ ол аймақтарда жүрек аурулары және өкпе рагының құрбандары аз екенін айтылады.

Бауер Сампайо мұны Азиядағы “парадокс” деп атайды. Өткен айда осы тақырыпта мақала жазған ол темекі көп шегетін азиялықтардың денсаулығын сақтауға көк шайдың айтарлықтай емдік әсері бар екенін алға тартады.

“Олар үстелдеріне отырып алып, қай жерде жұмыс жасап жатса да, таңертеңнен бастап үлкен шыны кесеге көк шай салып, ыстық су құйып ішіп отырады. Шай ішіп болған соң да оған ыстық су қосып, күні бойы ішіп жүреді”.

Сонымен көк шайдың адам денсаулығына пайдалы ма деген сауалға Иел университетінің қан тамыры ауруларының маманы, хирург Сампайо оның полифенол деп аталатынын айтады. Ол адам клеткасындағы залады заттарды жояды екен.

“Мұның жүрек қан тамыры жүйелері мен қатерлі ісік талшықтарына жақсы әсері бар. Және оған бірқатар дәлелдер бар, мәселен лабораторияда рак талшықтарына егер осындай полифенол қосатын болсаңыз, оның өсуіне тосқауыл қоюға болады”.

Дегенмен, көк шайды жұрттың бәрі бірдей жақсы көреді дей алмаймыз. Ендеше көк шайды ұнатпайтындар үшін көк шайдың құрамында бар пайдалы заттарды басқа тамақтардан да табуға болатынын айтамыз. Олар шоколад, қызыл шарап, алма, шалқан мен капуста сияқты көкөністерде адам денсаулығына пайдалы көк шайдағыдай полифенол бар екен.
XS
SM
MD
LG